Бүгін 20 қазанда №3 "Қарлығаш" санаториялық бөбекжай-бақшамыздың педагогтерімен 2022-2023 оқу жылының "Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері" тақырыбында әдістемелік жиын болып өтті.
Әдістемелік жиында мектепке дейінгі ұйымдарының білім саласына қатысты өзгерістері:
1.ҚР Үкіметінің 2021 жылғы15 наурыздағы "Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту" №137 қаулысы;
2. ҚР Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын;
3. ҚР Оқу ағарту министрінің 2022жылғы 9 қыркүйектегі №394 бұйрығыме "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарын",
4. ҚР Оқу -ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығымен шыққан "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасымен" педагогтерге толық түсіндірме жұмысы жасалынып, алдағы уақытта бала тәрбиесінде ұйымдастырылған іс әрекеттер барысында өзгерістер мен ерекшеліктерді тиімді пайдалану айтылды.








