Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беру.

Мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту мәселелерін тиімді қолданып, сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету. Ұжымның сапалық және сандық сипатын, жас ерекшелігіне қарай тәрбиеленушілер контингентін, МДҰ туралы қосымша ақпаратты көрсету, ұжымның барлық бағыттар бойынша өткен оқу жылындағы жұмыс деңгейін белгілеу.

Міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру саясатының басымдықтарының дамуына жағдай жасау, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы басымдықтары мен негізгі бағыттарын іске асыру.

 

Инновациялық технологиялар

 Креативті дамытушы  әдістер

1

«Денсаулық» технологиясы

1

В.В.Воскобовичтың ойын әдісі

2

Ақпараттық-компьютерлік технология

2

Д.Кюизенер таяқшалары

3

«Ойын» технологиясы

3

Хатха-йога әдісі

4

«МНЕМО» техника

4

Дьенеш блоктары

5

«ТРИЗ»технологиясы

5

Зерттеу әдісі

6

«Тәй-Тәй» технологиясы

6

Бейнелеу әдісі

7

Мария Монтессори технологиясының элементтері

7

Интерактивті  оқу-әдістемелік «Даналық әліппесі» кешені,инновациялық сөйлейтін қалам дамытушы ойындары пайдалануда.

8

Степ аэробика

Степ тақтайша платформасымен жаттығу әдісі

9

Эбру дәстүрден тыс сурет салу техникасы

10

Асық терапиясы

 

1) ТРИЗ технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г. С. Альтшулер ойлап тапқан.
Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

2) Тәй - тәй технологиясы. Негізін қалаған: Джорж Сорос
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

3) Монтессори технологиясы. Негізін қалаған: М. Монтессори.
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу.
4) Зайцев технологиясы. Негізін қалаған: Н. А. Зайцев
Мақсаты: Оқыту мен санауды қатар үйрете отырып, балалардың дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз ету.

4) Денсаулық сақтау технологиясы

Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :

Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады.