Дамытушы орта балаға өз қабілеттерін пайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Балалар әрекетін осындай тәсілмен ұйымдастыру нәтижеге бағытталған даму механизмін құрайды. Бала жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады.

№3«Қарлығаш» санаториялық бөбекжай-бақшасында МДТО үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін әр жас топтарының ерекшеліктеріне сәйкес қойылатын талаптарды сақтай отырып пәндік-кеңістіктік дамытушы орталықтар құрылып жасақталған:

 

Топтардың жас ерекшелігі

пәндік-кеңістіктік дамытушы орталықтар құралдары

1

«Еркетай»,  кіші тобында

танымдық ойыншықтар, қарапайым пазлдар, зерттеушілік қызығушылығын белсендіретін қозғалмалы ойыншықтар, қимылды ойындарға қажетті құралдар, оның ішінде ірі және ұсақ моториканы дамытатын ойын құралдары, қауіпсіз табиғи материалдардан жасалған ойыншықтар, ойын, театр, серуен, таңғы және ұйқы ашар жаттығулар картотекалар жинақтары, табиғат бұрыштары

2

«Бәйтерек», «Бүлдіршін» ортаңғы топтарда

дамытушы ойыншықтар, құрастыруға арналған жинақтар, сурет салуға арналған құралдармен және соған лайық жайлы орындар , қол еңбегіне арналған құралдар мен ойыншықтар, театрландырылған ойынға арналған жинақтар, қуыршақтар, түрлі машиналар,танымдық қызығушылығын жетілдіруге арналған табиғи материалдар, таббиғат бұрыштары мен ойын, театр, серуен, таңғы және ұйқы ашар жаттығулар картотекалар жинақтары

3

 «Шаңырақ» ересектер тобында

дамытушы модульдер, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар,алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар, боямақтар,сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел үсті ойындары, ребустар, оқу құралдары, балалар энциклопедиялары, ғаламшардың жануарлары мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің адамдарының өмірі туралы иллюстрацияланған басылымдар, балалар журналдары, альбомдар, суреттер мен карточкалар, табиғат бұрыштары мен ойын, театр, серуен, таңғы және ұйқы ашар жаттығулар картотекалар жинақтары

Л.С. Выготскийдің   тұжырымдауы бойынша  баланың жақын арадағы даму аймағы (заттық-дамытушы орта) баланың өз бетінше және ересектердің көмегімен іске асыратын әрекеттері  арасындағы терезе сияқты.

Ересектердің оқытуы мен баланың өз бетінше оқып үйренуі ересектер мен құрдастары тарапынан «қолдау» көрсетіліп, педагогтар тарапынан келешектегі қадамдарды айқындауға мүмкіндік тудырады.