2022 жыл 16 қараша күні Мектепке дейінгі ұйымдар арасында Республикалық "ҮЗДІК ЖОБА-2022" байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың қалалық кезеңі "Алтын ұя" балабақшасында 9 мемлекеттік балабақшалар арасында өтті. Байқауға балабақшамыздың жоба жетекшісі тәрбиеші Мырзағалиева Айжан және ортаңғы топ тәрбиеленушісі Ғалымжанқызы Нұрбибі қызымыз қазақтың ұлттық тағамы ҚҰРТТЫ және оның жасалу жолдарын зерттеп қорғап шықты. Байқау қорытындысына сәйкес жүлделі ІІІ орын иеленді. Жеңіс құтты болсын!